Потенциалдық энергия

Потенциалдық энергия

 

Егер жер бетінен әлдебір биіктікке кетерілген дене еркін түссе, дененің жылдамдығы өседі, кинетикалық энергиясы да көбейеді. Еркін түскен дененің кинетикалық энергиясынын, көбеюі Жер бетінен көтерілген дененің энергиялық қоры бар екендігін көрсетеді.

Басқа мысал - деформацияланған серіппе энергиясының есебінен дененің ілгерілемелі қозғалыс кинетикалық энергиясының туындауы. Серіппенің деформациясын ұлғайтқанда, осы серіппе қозғалыс тудыратын дененің де кинетикалық энергиясы өсетінін тәжірибеден байқауға болады.

 

Потенциалдық энергия

 

Тек қана денелердің өзара орналасуына немесе бір дененің әр түрлі бөліктерінің өзара орналасуына тәуелді энергия потенциалдық энергия деп  аталады.

 

Жер бетінен көтерілген дененің потенциалдық  энергиясы

 

Жер бетінен көтерілген дененің потенциалдық энергиясы санақ жүйесінің бастапқы нүктесін тандауымен байланысты. Көбінесе Жер бетіндегі потенциаддық энергияны нөлге тең деп есептейді. Онда Жер бетінен аз қашықтықтарда (g ~ const) Жер бетінен һ биіктікте орналасқан дененің потенциалдық энергиясы Еп дененің массасы т, еркін түсу үдеуі g және Жер бетінен һ қашықтықтың көбейтіндісіне тең