1-нұсқа

1.Зат есімге лайық қатарды көрсетіңіз.
A) Бейтарап сөздер.
B) Көмекші сөздер.
C) Етістік.
D) Есім сөздер.
E) Еліктеу сөздер.
2. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Жазғы.
B) Сусыз.
C) Бойшаң.
D) Терең.
E) Көйлек.
3. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз .
A) Тоқсан.
B) Алпысыншы.
C) үш ширек.
D) Отызға тарта.
E) Он-оннан.
4. Тәуелдік жалғаулы өздік есімдігін табыңыз.
A) Өзің.
B) Әр адам.
C) Өзгелер.
D) Біреу.
E) Өзгеріс.
5. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.
A) Кілт.
B) Былтыр.
C) Балабек.
D) Адам.
E) Он бір.
6. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.
A) Байады.
B) Байиды.
C) Баиыиды.
D) Байыйды.
E) Баииды.
7. Әліпбидегі 10-әріпті белгілеңіз.
A) Қ.
B) Г.
C) Ж.
D) Д.
E) Т.
8. Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.
A) Айтуы.
B) Баруға.
C) Сөйлеуден.
D) Келуімнің.
E) Келуіңмен.
9. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.
A) Мазмұнды әңгіме.
B) Бет бұру.
C) Бұлшық ет.
D) Мектепке бару.
E) Ақын туралы айту.
10. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Өзі осында келіп пе, сірә?
B) Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні.
C) Ой, әттеген-ай, айырылып қалдым-ау!
D) Балам, амансың ба?
E) Меніңше, жаңағы оты көрінген завод.
11. Орал қаласы. Сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Атаулы.
B) Толымсыз.
C) Жақты.
D) Толымды.
E) Жақсыз.
12. Сызықша қойылуы тиіс сөз тіркесін табыңыз.
A) Мен жазамын.
B) Ол оқушы.
C) Тоғызыншы сынып.
D) Біз ойнадық.
E) Ол оқыды.
13. Ол бес деген баға алды сөйлеміндегі тырнақшаға алынатын сөзді көрсетіңіз.
A) Бес.
B) Деген.
C) Ол.
D) Баға.
E) Алды.
14. Сингармонизм дегеніміздің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Дауыссыз дыбыстармен байланысты үндестік.
B) Кейінгі дыбыстардың ықпалы.
C) Ілгерінді дыбыстардың ықпалы.
D) Дыбыстардың өзара ықпалы.
E) Дауысты дыбыстармен байланысты үндестік.
15. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.
A) Ықыласпен.
B) Көлге.
C) Өзеннің.
D) Тауды.
E) Мақтаншақ.

Чтобы просматривать и оставлять комментарии к этой странице, необходимо подключение к сети Интернет.