10-нұсқа

Өзін жеңілмейтін құдай санаған, бірақ ақыры сақтардың қолынан қаза тапқан парсы елінің патшасы:
A) Курдаш.
B) Крит.
C) Курдоглу.
D) Кир.
E) Ксеркс.
«Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы:
A) Мұхтархан Хайдарабат.
B) Мұхаммед Хайдар Дулати.
C) Мұхтар Құлмұхаммед.
D) Мұхаммед – Ханафия.
E) Мұхтар Шаханов
Жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келген дәуір:

A) тас
B) палеолит
C) мезолит
D) қола
E) неолит
Қазақстан аумағында ертефеодалдық кезеңде исламды бірінші болып мемлекеттік дін деп жариялаған.

A) Қыпшақтар.
B) Наймандар.
C) Түркештер.
D) Қарахандықтар.
E) Қарлұқтар.
Ноғай ордасында саны жағынан ең көп тайпа.
A) Дулаттар.
B) Арғындар.
C) Наймандар.
D) Қыпшақтар.
E) Маңғыттар.
Орта жүз биі, қызыл тіл өнерінің көрнекті өкілі:
A) Қазыбек би.
B) Алшынбай би
C) Әйтеке би.
D) Төле би.
E) Майқы би
“Кіші қазан” идеясының авторы:
A) И. Губкин.
B) Ф. Голощекин.
C) А. Байтұрсынов.
D) Қ. Сәтпаев.
E) Н. Курнаков
Ошақ пен балалардың қамқоршысы болып саналатын ана бейнесі:
A) Ұмай-ана.
B) Жер-су.
C) От-ана.
D) Эрклиг.
E) Тәңірі.
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?
A) 10 жылға.
B) 8 жылға.
C) 4 жылға.
D) 14 жылға.
E) 1 жылға.
Бұқтырмада дәрігерлікпен айналысқан желтоқсаншы.
A) Г.Батеньков.
B) Ф.Достоевский.
C) М.Муравьев- Апостол.
D) М. Сперанский.
E) С.Семенов.
1870ж. Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары

A) Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.
B) Сұлтан Хангали Арсланұлы, Дәуіт Асауұлы.
C) Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.
D) Молдалар Рысқұлұлы, Досұлы.
E) Бекметұлы, Майұлы.
Әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шиеленісуінен 1989 ж. маусымда көпшілік тәртіпсіздіктер орын алған қала:

A) Орал.
B) Алматы.
C) Целиноград.
D) Теміртау.
E) Жаңаөзен.
Атлах шайқасының үлкен тарихи маңызы болды, себебі:
A) Қытай әскерлері Жетісу жерін тастап кетуге мәжбүр болды.
B) Өзара қырқыстар тоқтатылды.
C) Арабтар Жетісу шегінде қалды.
D) Арабтар Мәуереннахрдан қуылды.
E) Бейбіт келісім жасалды.
ХХ ғ. 40 ж.- 50 ж. басында биология, медицина, геология саласындағы біраз ғалымдарға тағылған айып:

A) “Ұлтшыл”.
B) “Идеологиялық тұрғыдан сенімсіз”.
C) “Дарынсыз”.
D) “Саяси сенімсіз”.
E) “Космополит”.
1964 жылғы КОКП ОК пленумында А.С. Хрущевті айыптайтын баяндама жасаған:
A) А.Н. Шелепин.
B) Л.И. Брежнев.
C) М.А. Суслов.
D) А.Н. Косыгин.
E) П.Н. Игнатов.
Қоршау, қамал немесе қала ішіндегі күшті қорғаныс құрылысы бар бөлік:

A) Цирк.
B) Цемент.
C) Титан.
D) Цилиндр.
E) Цитадель.
Ең соңғы жауынгері қалғанша Шыңғыс хан әскеріне қарсылық көрсеткен:
A) Бұзар хан.
B) Арыслан хан.
C) Күшілік хан.
D) Қайырхан.
E) Сұпы хан.
Қазақ халқының жылқы сүтінен жасап ішетін сусыны:

A) Сорпа.
B) Қымыз.
C) Айран.
D) Шұбат.
E) Қатық.
1916 ж. көтерісшілер армиясының қолбасшысы:

A) Ақын.
B) Сарбаз.
C) Батыр.
D) Сардарбек.
E) Бек.
Қазіргі кезеңде Қазақстандағы облыс саны

A) 12
B) 17
C) 16
D) 19
E) 14
Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты қай малдың саны көбейді?
A) Қой мен жылқы.
B) Шошқа.
C) Ешкі.
D) Түйе.
E) Сиыр.
Ежелгі және орта ғасырлардағы континентаралық қатынас жолы:
A) Дала жолы.
B) Ұлы Жібек жолы.
C) Лазуриттік жол.
D) Варягтан Грецияға дейінгі жол.
E) Нефриттік жол.
1854 жылы Верный бекінісі салынған жердің ертедегі атауы:
A) Жетісу.
B) Есік.
C) Үргеніш.
D) Алматы.
E) Ұзынағаш.
Қазақстандық инженер-геолог, ҚазКСР Ғылым Академиясының президенті:
A) А. Қастеев.
B) И.М. Губкин.
C) Қ.И. Сәтпаев.
D) Н.С. Курнаков.
E) С. Асфендияров.
Семейде басып шығарылатын ’’Свободная речь’’ газетін қай партия шығарған?
A) Кадеттер.
B) Иттифок-и-мұсылман.
C) Алаш.
D) РСДЖП
E) Эсерлер.