9-нұсқа

Ұлы Отан соғысы кезінде теңіз порты салынған қала:
A) Ақтау.
B) Семей.
C) Балқаш.
D) Арал.
E) Гурьев (Атырау).
1975 жылы Алматыда жарыҚ көрген «Аз и Я» атты еңбектің авторы

A) М. Әуезов.
B) О. Сүлейменов.
C) М. Шаханов.
D) Р. Сейсенбаев.
E) А. Сәрсенбаев.
Сақтардың шаруашылығында малдың қай түрі аз өсірілді?
A) Ірі қара.
B) Ешкі.
C) Қой.
D) Жылқы.
E) Түйе.
Алтын Орданың билеушісі, барлық қарулы күштерінің бас қолбасшысы:
A) Батыр.
B) Жырау.
C) Би.
D) Хақан.
E) Хан.
Қасым ханнан кейінгі талас-тартыстың салдарынан әлсіреп қалған хандықты қайтадан нығайтқан ханның баласы:
A) Ақназар.
B) Бақназар.
C) Сақназар.
D) Ерназар.
E) Хақназар.
Жер-жерде даладағы дәстүр бойынша кімдердің өкілдерін хан сайлаған?
A) Кедейлердің.
B) Ақындардың.
C) Қарасүйектердің.
D) Батырлардың.
E) Ақсүйектердің.
Қазақстан Республикасы халқының саны шамамен:
A) 30 млн.
B) 10 млн.
C) 16 млн.
D) 50 млн.
E) 20 млн.
Мустьер дәуіріне жататын Арыстанды мекеніндегі тұрақтардың ең күрделісі кімнің атымен аталды:

A) Ы.Алтынсарин
B) Ш.Уәлиханов
C) А.Байтұрсынов
D) Ш.Құдайбердиев
E) А.Құнанбаев
Астықты оруға пайдаланған еңбек құралы:
A) Тырнауыш.
B) Орақ.
C) Айыр.
D) Шалғы.
E) Балта.
Қазақ хандығының құрылуы қай сұлтандар есімімен байланысты?
A) Іренші мен Бұрұндық.
B) Абылай мен Уәли.
C) Қасым мен Ақназар.
D) Жәнібек пен Керей.
E) Әбілқайыр мен Махмұд.
Түркістан-Сібір темір жолын салу басталды:
A) 1928 ж.
B) 1926 ж.
C) 1929 ж.
D) 1930 ж.
E) 1927 ж.
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық партизандар саны шамамен:

A) 7,5 мың.
B) 9 мың.
C) 11 мың.
D) 13 мың.
E) 3,5 мың.
Соғдылықтар будда дінін қай жерге таратуда маңызды роль атқарды?
A) Орталық Азияда.
B) Ресейдің батысында.
C) Шығыс Еуропада.
D) Ресейдің шығысында.
E) Индияда.
Қазақ ханының өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы:

A) Байлар.
B) Билер.
C) Төлеңгіттер.
D) Сұлтандар.
E) Жатақтар.
Исатай батырдың қайтыс болған жері:

A) Ақбұлақ.
B) Жапақ.
C) Шымбұлақ.
D) Ақсу.
E) Айнабұлақ.
1918 жылы алғашқы кеңестік үлгілі қазақ кавалеристік полкі қайда құрылды?

A) Торғай облысында.
B) Орал облысында.
C) Ақмола облысында.
D) Бөкей Ордасында.
E) Жетісуда
Ұжымдастыруға қарсы «Көтеріліс бандалары» аталған қылмыстық істерді қараған орган:

A) Жергілікті соттар.
B) Трибунал.
C) Соттан тыс “үштіктер.”
D) Республикалық жоғары соты.
E) Би және қазылар соты.
Жаңа Өзендегі әлеуметтік қайшылыққа байланысты тәртіпсіздік қашан болды?
A) 1988 ж. маусымда.
B) 1990 ж. маусымда.
C) 1986 ж. маусымда.
D) 1989 ж. маусымда.
E) 1991 ж. маусымда.
Xғ. Киев Русімен одақтасып Хазар қағанаты мен Еділ Бұлғарларына үлкен соққы берген ортағасырлық мемлекет:
A) Қыпшақ.
B) Қимақ.
C) Қарлұқ.
D) Оғыз.
E) Қарахандықтар.
«Бір адамға» атты өлеңнің авторы:
A) С. Дөнентаев
B) Ш. Құдайбердіұлы
C) М. Дулатов
D) А. Байтұрсынов
E) С. Торайғыров
“Түркістан Автономиясында” мемлекеттік деп танылған дін:
A) Будда.
B) Христиан.
C) Иудаизм.
D) Ислам.
E) Католик.
Халыққа Жолдауында (Қазақстан-2030) ел Президентінің белгілеген көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі:

A) Фермерлік шаруашылық, өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, тұрақтылық.
B) Ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.
C) Өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, еңбек өнімділігінің артуы, әлеуметтік шындық.
D) Техникалық жағынан жаңарған өндіріс, еңбек өнімділігінің артуы, саяси пікірдің әр алуандылығы.
E) Фермерлік шаруашылық, тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.
1799 ж 21 қарашада шыққан жарлық бойынша Орта жүз қазақтарының Ертістің оң жағасына қайтадан қоныс аударуына рұқсат еткен император:
A) I Павел.
B) III Петр.
C) I Александр.
D) II Александр.
E) I Николай.
Гурьев қаласының қазіргі атауы:

A) Риддер.
B) Ақмола.
C) Ақтау.
D) Атырау.
E) Голощекин.
Кенесары Қасымұлы билер сотын жойып, оның орнына енгізді:

A) Шекаралық сотты.
B) Халықтық сотты.
C) Қазылар сотын.
D) Империялық сотты.
E) Хандық сотты.